2025 жылғы II тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету

2025 жылғы II тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) – заңнамада көзделген құзыреттер шегінде ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары бар – ауылдық округтерде ветеринариялық пункті бар 20 аудандар мен қалалардың  «Ветеринариялық станциясы» КМК.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпарат:

Басқарма «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;

Ведомстволық бағынысты ұйымдар 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді.:

«Ветеринариялық анықтама беру»;

«Ветеринариялық паспорт беру»;

«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Е-лицензиялау» порталы арқылы көрстіледі.

Ветеринариялық анықтама беру жөніндегі мемлекеттік қызмет қағаз нысанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.

Ветеринариялық паспортты беру қағаз нысанда «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АШЖБ АЖ) арқылы жүзеге асырылады.

«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметі қағаз нысанда АШЖБ АЖ арқылы және баламалы негізде «Tort tulik» мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.

Ветеринария басқармасы 2025 жылғы 2 тоқсанда «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметін 1 көрсетті.

Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында ведомстволық бағынысты ұйымдар – «Ветеринариялық станция» КМК 8187 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 8063 – ветеринариялық анықтама беру, 112 – ветеринариялық паспорт беру, 12-ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).