Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингі бөлімінің бас маманы Instagram платформасында тікелей эфирге қатысты. Іс-шараны Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті ұйымдастырды. Эфир барысында ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.