Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді  облыстың әрбір ауылдық округінде орналасқан ветеринариялық пункттердің ветеринариялық дәрігерлері жүзеге асырады.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, оның (олардың) сойылуы және өткізілуі туралы қалалар мен аудандардың ветеринариялық станцияларын КМК, аудандық және қалалық аумақтық инспекцияларға хабарлауға міндетті.

2025 жылы белгіленген қажеттілік шеңберінде Ветеринария басқармасы ІҚМ, ұсақ мал, түйе және шошқаның төлін бірдейлендіру үшін 609 мыңнан астам құлақ сырғаларын сатып алды.

Қостанай облысы 2025 жылға ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлдеріне бірдейлендіруді жүргізу және ересек мал басын жоғалтқан кезде құлақ сырғаларын ауыстыру үшін құлақ сырғалары жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген.

Ветеринариялық заңнамада көзделген талаптарды сақтамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.