Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінінң 206-бабының 2-тармағына, 208-бабының 1-тармағына сәйкес, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру және зейнеткерлік жас бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде жұмыс істемейтін ананың кәмелетке толмаған балаларға күтім жасаған уақыты зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептеледі, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін және жалпы 12 жылдан аспайтын шекте.
№ 66 НҚ КС-мен заңнама нормасы жаңартылып, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде балаға күтім жасау кезінде ана мен әкенің құқықтары мен міндеттері теңестірілді.