Қостанай облысының жануарларды қорғау қызметі ағымдағы жылдың 22-23 мамыр аралығында 2025 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында «Өрт-2025» РКШМ қатысты.
Ветеринария басқармасының жануарларды қорғау қызметінің қызметкерлері «Алтынсарин ауданының ветеринариялық станциясы» КМК-мен бірлесіп ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау (қауіпсіз орын) бойынша жұмыс жүргізді. Алтынсарин ауданынан жануарларды эвакуациялау және материалдық құралдарды шығару мал басын сақтау және құралымдардың жұмыс істеуі мақсатында Красный Кордон кентіне көлік құралдарының барлық түрлерін тарта отырып, автомобиль тәсілімен жүзеге асырылды. Жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған су, жем және жем-шөп қоры уақтылы ұйымдастырылды.