Меню
Страницы

Құттықтау

Құттықтау

2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында «Әділетті Қазақстан — тұрақтылық пен дамудың кепілі» халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Үздік еңбек адамы» республикалық патриоттық конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс еңбек беделін арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жоғары білікті мамандарды анықтау және көтермелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өткізілді.

Конкурстың нәтижелері бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ бас маманы - Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Әлменова Сабина Ғалымбекқызы I дәрежелі дипломға ие болды марапаттау аясында «Үздік еңбек адамы» төсбелгісімен және ескерткіш мүсінімен марапатталды. Сондай-ақ мекеме басшысының атына алғыс хат жолданды.

Әлменова Сабина Ғалымбекқызы білікті маман, 7 жылдан астам жұмыс өтілі бар, кәсіби ортада беделге ие және Қостанай облысының ветеринариялық қызметін дамытуға елеулі үлес қосады.

Сабина Ғалымбекқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Социальные медиа
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты