Меню
Страницы

Тренинг

Тренинг

2026 жылғы 27 ақпанда орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингі бөлімінің қызметкерлері онлайн форматта Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты аудандық, қалалық ветеринариялық станцияларының ветеринариялық қызметтерінің мамандары үшін «Қатесіз бірдейлендіру: АШЖБ жаңа функционалымен жұмыс және жергілікті жерлерде проблемаларды шешу» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты АШЖБ жаңа функционалымен қатесіз жұмыс істеуге үйрету, жануарларды бірдейлендірудің бірыңғай алгоритмін қалыптастыру, типтік және күрделі проблемалық жағдайларды пысықтау, сондай-ақ жүйемен және жануарлар иелерімен жұмыс істеу кезінде дәрігерлердің сенімін арттыру болды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қойылатын талаптар және ақпараттық жүйенің логикасы, АШЖБ жаңа функционалдарындағы қадамдық жұмыс туралы, жергілікті жерлердегі проблемалық жағдайлар және олардың алдын алу тәсілдері туралы, сапаны бақылау мен өзін-өзі тексерудің маңыздылығы туралы ақпарат жеткізілді.

Тренинг қорытындысы бойынша сенімді жұмыс формуласы шығарылды:

Мен заңнамалық талаптарды білемін → АШЖБ базасының логикасын түсінемін → алгоритм бойынша әрекет етемін → жергілікті жерлерде мәселелерді шеше аламын.

Социальные медиа
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты