Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын, экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын және «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясын іске асыру шеңберінде Қостанай облысының ауылдық елді мекендері арасында жыл сайынғы «Үлгілі ауыл» конкурсы жарияланады. Байқаудың мақсаты-ауылдық аумақтарды дамытуды ынталандыру және азаматтық белсенділікті арттыру.
Конкурстың міндеттері-экологиялық мәдениетті нығайту, абаттандыруды, инфрақұрылымды, бос уақытты және ауылдағы спорттық белсенділікті дамыту.
Өтінімдерді беру мерзімі:
2025 жылғы 8 тамыз сағат 09:00-ден 17 тамыз сағат 18:30-ға дейін Өтінімдер белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) мекенжайға беріледі: [akowa_2012@mail.ru] немесе WhatshApp 87785152995
Ауыл туралы растайтын құжаттар мен бейнероликті міндетті түрде қоса беріңіз.
Бағалау 19 критерий бойынша жүргізіледі Жеңімпаздар 3 номинация бойынша анықталады:
тірек ауылдардың арасында
спутниктік ауылдар арасында
басқа ауылдардың арасында Қостанай облысының барлық ауылдық елді мекендерін конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!
Басқаларға үлгі бол – Үлгілі ауылдың қандай болуы мүмкін екенін көрсет!
Жоба
Қостанай облысында
«Үлгілі ауыл» конкурсын өткізу туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына, Қазақстанның экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасына және «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясын іске асыру шеңберінде әзірленді.
1.2. Ереже Қостанай облысының ауылдар мен кенттер арасындағы «Үлгілі ауыл» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу мақсаттары мен міндеттерін, тәртібін және қаржыландыруды айқындайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
1.3 Конкурстың мақсаты – ауылдық аумақтарды және халықтың азаматтық белсенділігін дамытуды ынталандыру.
1.4. Конкурстың міндеттері:
- қоршаған орта мен халық үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған халықтың қоғамдық игілікке ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру;
- ауылдық аумақтарды дамыту, елді мекендерде адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы орта қалыптастыру;
- халықтың тұтастығы мен бірлігі, бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру және аға буынның белсенділігін арттыру;
- өскелең ұрпаққа дұрыс мінез-құлық үлгілерін көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жаман әдеттердің таралуына қарсы тұру;
2. Конкурсты ұйымдастыру
2.1 Конкурс өткізу туралы хабарландыру жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде оны өткізуден 10 күн бұрын орналастырылады.
2.2. 2025 жылғы 8 тамыз сағат 09:00-ден бастап 2025 жылғы 17 тамыз сағат 18:30-ға дейін [akowa_2012@mail.ru] электрондық поштаға немесе 87785152995 WhatshApp арқылы конкурсқа қатысу өтінімдер растайтын құжаттар мен елді мекен туралы бейнеролик қоса қабылданады.
Ескерту: соңғы конкурста бірінші орын алған елді мекен келесі жылы конкурсқа қатыса алмайды.
3. Конкурсты өткізу кезеңдері
3.1 I кезең – іріктеу 2025 жылғы 18-20 тамыз.
II кезең – соңғы кезең. Қорытындысын жариялау, салтанатты марапаттау рәсімі.
3.2. Конкурсқа қатысушыларды бағалау үшін комиссия құрылады. Комиссия құрамына Облыстық Маслихаттың, облыстық қоғамдық кенестің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері, қоғам мен БАҚ өкілдері кіреді.
3.3. Шешім қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
3.4. Комиссия хатшысы комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
3.5. Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің жартысынан астамының қатысуымен заңды болып саналады.
3.6. Кандидаттарды бағалау осы Ереженің 4-тармағында белгіленген критерийлер бойынша жүзеге асырылады.
4. Конкурс кандидаттарын бағалау критерийлері
4.1. «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы шеңберінде өткізілген іс-шаралардың үлесі (0-5 балл);
4.2. Елді мекенді көгалдандыру көрсеткіші (дендрологиялық жоспарлардың, жобалардың, схемалардың болуы және олардың орындалуы) (0-5 балл);
4.3. Елді мекенді абаттандыру көрсеткіші, сәулеттік және эстетикалық түрі (0-5 балл);
4.4. Елді мекенде тазалықты сақтау, қоғамдық орындардың жай-күйі мен пайдаланылуы (0-5 балл);
4.5. Елді мекеннің экологиялық жағдайы (0-5 балл);
4.6. Елді мекенді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (ауыз су, газдандыру, электр энергиясы, жарықтандыру, ағынды суларды басқару) (0-5 балл);
4.7. Көлік жолдарының жағдайы (0-5 балл);
4.8. Интернетке қосылу (0-5 балл);
4.9. Тіркелген қылмыстық істердің болмауы (0-5 балл);
4.10. Меценаттар есебінен салынған және жөнделген объектілердің саны (0-5 балл);
4.11. Демографиялық көрсеткішті арттыру (0-5 балл);
4.12. Ауылдық отбасылардың ажырасу көрсеткіші төмен (0-5 балл);
4.13. Халықтың жұмыссыздық деңгейі төмен (0-5 балл);
4.14. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауға және сұрыптауға арналған контейнерлердің болуы (0-5 балл);
4.15. ҚТҚ полигонының болуы және оның жай-күйі (стихиялық қоқыс үйінділерінің, қоршаулардың болуы) (0-5 балл);
4.16. Саябақтардың, гүлзарлардың, жасыл желектердің болуы және олардың жай-күйі (0-5 балл);
4.17. Экологиялық еріктілік (0-5 ұпай);
4.18. Әлеуметтік нысандардың болуы (білім, мәдениет, спорт, балаларға арналған ойын алаңдары) (0-5 балл);
4.19. Тұрғындардың спорттық жетістіктерінің болуы (0-5 балл).
5. Конкурсты қорытындындылау, марапаттау
5.1. Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша әр номинация үшін бір бірден 3 жүлделі орын белгіленеді:
-тірек ауылдар арасында жеңімпаз;
-спутниктік ауылдар арасында
- басқа ауылдардың арасында
5.2. Конкурс жеңімпазына ауылды дамыту жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірін іске асыруға аудандық әкімдіктен жүлде қоры беріледі. Қаражат қоғамдық демалыс аймағын, балалар немесе спорт алаңын жайластыруға, көгалдандыруға, сәулет нысандарын орнатуға не ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін өзге де іс-шараларға бағытталуы мүмкін.
5.3. Салтанатты марапаттау рәсімі қыркүйек айында өткізіледі.