Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің м.у.а. Н.А. Шамарова Президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1 маусымнан бастап президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады
* Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбай президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеудің кезеңдері мен ерекшеліктері туралы айтып берді.
Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады және мынадай 6 бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:
әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам, инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және сауда саясаты, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар. Үміткер тіркеу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы керек.
* Резервке енгізуге үміткерлер 5 жастан аспаған жасын, Қазақстан Республикасының азаматтығын, жоғары білімін, белгілі бір жұмыс тәжірибесін және В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді білуін қоса алғанда, бірқатар талаптарға сай болуы қажет.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер кешенді іріктеуден өтуі керек
кезеңдер.
* Құжаттарды қабылдау арнайы сайтта онлайн режимінде жүргізіледі - pkrezerv.gov.kz ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін.
Соңғы кезеңде - Ұлттық комиссия отырысында-президенттік жастар кадр резервіне 50 кандидатты қабылдау туралы шешім шығарылады.