Қазақстанда әрбір үшінші оқушы түрлі интеллектуалдық жарысқа қатысады

Қазақстанда әрбір үшінші оқушы түрлі интеллектуалдық жарысқа қатысады
Ел өңірлерде дарынды балалармен жұмысты 20 аймақтық «Дарын» орталығы үйлестіреді. Сондай-ақ республикада дарынды балаларға арналған 130 мамандандырылған білім беру ұйымы бар. Білім беру процесі халықаралық стандарттармен ықпалдастырылған, бұл мектеп оқушыларының шығармашылық және зияткерлік әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта еліміздің жоғары оқу орындарынан шақырылған ғылым докторлары, кандидаттары мен профессорлар арнайы курстар өткізіп, жыл сайын 1500 сағат көлемінде сабақтан тыс ғылыми-шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Бұл жайында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов ОКҚ брифингінде айтты.