2024 жылғы 19 мамырда Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Таңдау үш өзін-өзі ұсынған: Д. К. Гвоздулина, В. В. Мозгова және М. Е. Саркенова арасында берілді.
Сайлаушылар тізіміне 1232 азамат енгізілді, олардың 810-ы дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 12, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 102.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
- Гвоздулина Д. К. - 506;
- Мезгова В. В. - 126;
- Саркенова М. Е. - 64.
Пресногорьков ауылдық округінің әкімі болып Гвоздулина Диана Қайсаровна сайланды.