Құрметті Ұзынкөлдіктер!
Ұзынкөл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанын жүзеге асыру басталады.
Бекітілген жоспар аясында акцияның әр аптасы белгілі бір тақырып бойынша өткізіледі:
1-ші апта (10-13 сәуір) «Таза өлке» деген атпен өтеді.
Тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтары мен аулаларын тазартады;
2-ші апта (15-20 сәуір) – «Киелі мекен» - тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыруға арналады;
3-ші апта (22-27 сәуір) – «Жасыл аймақ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді ақтау ұйымдастырылады;
4-ші апта (29 сәуір – 4 мамыр) – «Өнегелі Ұрпақ» күні ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын жинау және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылады;
5 апта (6-11 мамыр) – «Мөлдір бұлақ» деп аталатын күні су айдындарына жақын маңда қоқыс жинау жұмыстары ұйымдастырылады.
Сіздерді осы акцияға белсене қатысуға шақырамыз!