Обаған ауылдық округінде "Үздік аула" байқауы басталды

Обаған ауылдық округінде "Үздік аула" байқауы басталды

Құрметті Обаған ауылдық округінің тұрғындары!

 

5 мамырдан бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиядық бағдарламасы аясында «Үздік аула» байқауы басталады!

Баршаңызды тазалық пен көркемдікке деген сүйіспеншілігіңізді көрсетіп, белсенді қатысуға шақырамыз.

 

Бағалау критерийлері:

– ауланың тазалығы мен тәртібі,

– гүлзарлар мен көгалдарды безендіру,

– ерекше декоративтік элементтер,

– отбасы мүшелерінің бірлескен еңбегі.

 

Байқау нәтижелері шілде айының басында жарияланады.

Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады!

 

Ауылымызды бірге көркейтейік!