2025 жылғы 14 сәуірде учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Несин Д.В. «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Обаған жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесу өткізіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, темекі шегу мен алкоголь тұтынудың зияны туралы ақпарат беріп, алаяқтықтың алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жүргізді.