Обаған ауылдық округіндегі ЖК және АШТӨ өкілдерімен түсіндіру жұмыстары.

Обаған ауылдық округіндегі ЖК және АШТӨ өкілдерімен түсіндіру жұмыстары.
Обаған ауылдық округінде жеке кәсіпкерлермен (ЖК) және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен (АШТӨ) өздеріне тиесілі және іргелес аумақтарды абаттандыру, тазалықта ұстау қажеттілігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында аумақтарды қоқыстан тазарту, шөп шабу және санитарлық талаптарды сақтау мәселелері айтылды.