
2026 жылдың 17 наурыз күні Шаңырақ күні!
Бүгін осы мерекеге орай ерекше бір іс-шара өткіздік. Көп жыл отасқан, махаббаты мен сыйластығы суымаған үлгілі отбасылардың шаңырағына қонаққа барып қайттық.
Бізді қызықтырған басты сұрақ:
«Осыншама жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрудің, отбасын сақтап қалудың құпиясы неде?» - деп сұхбат алдық.
Қарияларымыздың ақ дастарханынан дәм татып, ең бастысы - ақ батасын алдық. Түйгеніміз: отбасы - ол үлкен еңбек пен шексіз төзімділіктің жемісі екен.