2026 жылдың 28 қаңтарында мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Ұзынкөл ауданы полиция бөлімінің мамандарымен кездесу өтті.
Жиын барысында Ұзынкөл ауданы ПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Г.К. Есенгалиев және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы, аға лейтенант Д.К. Литвинова оқушылармен ашық әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында мынадай өзекті мәселелер қозғалды:
• Құқық бұзушылықтың алдын алу: Жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздіктер мен оның заңды салдары түсіндірілді.
• Киберқауіпсіздік: Интернет-алаяқтықтан сақтану және әлеуметтік желіні қауіпсіз пайдалану ережелері айтылды.
• Зиянды әдеттерге тосқауыл: Нашақорлық пен маскүнемдіктің адам өміріне қауіптілігі туралы ескертілді.
• Мамандық таңдау: ІІМ Академиясына оқуға түсуге ниетті түлектерге қажетті кеңестер берілді.
Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоғамдық орындарда тазалық сақтаудың маңыздылығы талқыланды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды.
#заңментәртіп