Ұзынкөл ауданының «Ветеринарлық станциясы» КМК Обаған ауылдық округі әкімі аппараты хатшысының қатысуымен Обаған ауылдық округі аумағында құтыруға қарсы вакцина брикеттерін орналастыру мақсатында ветеринар мамандарының выездік жұмысын жүзеге асырды.
Іс-шара жабайы етқоректі жануарлар арасында құтырудың алдын алу және халықтың эпизоотикалық әрі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.