Мемлекет Басшысының және облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Обаған ауылдық округі аумағында жолдарды қардан тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Коммуналдық қызметтер мен арнайы техника дер кезінде тазалау жұмыстарын қамтамасыз етіп, тұрғындардың қауіпсіз және қолайлы қозғалысына жағдай жасайды.
Қысқы кезеңдегі жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарының сапасы мен жеделдігін бақылау күшейтілді. Елді мекендер арасындағы көлік қатынасының үздіксіздігін сақтау және ауа райының нашарлауына уақтылы әрекет ету басты назарда.