Жұмысшы мамандығы жылы
Жаркенов Қуантай Қабдрешұлы
1964 жылдың 29 қарашасында Қостанай облысы, Ленин ауданы Обаған ауылында дүниеге келген. Білім жолын Қостанай облыстық интернатында бастап, оны 1980 жылы аяқтаған.
Оқу орнын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын «Мирас» шаруашылығында бастаған. Қазіргі уақытта да осы салада механизатор мамандығы бойынша абыройлы еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 28 жыл.
Қуантай Қабдрешұлы өз ісіне ұқыпты, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор және тиянақты маман ретінде ұжымда зор беделге ие. Тапсырылған әрбір жұмысты уақытылы әрі сапалы орындайды. Өз мамандығын шын жүректен сүйіп, еңбегімен өзгелерге үлгі бола біледі.
Ұжым ішінде әріптестерімен сыйластықта, кішіпейіл де қамқор жан ретінде ерекшеленеді. Адал еңбегінің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосып келеді.
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі және ауыл шаруашылығы саласындағы адал еңбегі үшін аудандық және облыстық деңгейдегі грамоталармен, алғыс хаттармен бірнеше рет марапатталған.
Жаркенов Қуантай Қабдрешұлы – өз ісінің шебері, талапшыл, адал және абыройлы еңбек адамы.