
2025 жылғы 5 шілдеде Ұзынкөл ауданының 85 жылдығына және Астана күніне орай жазғы спартакиада өткізілді. Спартакиадаға барлық округтерден белсенді спортшылар мен жастар қатысты. Олардың ішінде Обаған ауылдық округінен өнер көрсеткен команда күш біріктіріп, тамаша нәтижелер көрсетті.
Команда "қазақша күрес", жеңіл атлетика және арқан тартыс бойынша жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.
Жалпы, біздің команданың әрбір қатысушысына көрсеткен бастамасы, лайықты жеңіске қол жеткізгені және осы жарыстарға қатысуға уақыт бөлгені үшін Алғыс білдіреміз.