
"Таза Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру аясында әкімдік қызметкерлері, ұйымдар мен ауыл тұрғындары сенбілік өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар аумақты қоқыстардан тазартты, көшелерді, қоғамдық орындарды және іргелес учаскелерді ретке келтірді. Мұндай акцияларды өткізу экологиялық жағдайды жақсартуға, халық арасында тазалық пен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.