
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және кеңжолақты интернетке қолжетімділік сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы аясында Ұзынкөл ауданының Варваровка ауылында антенна-мачталық құрылым (АМҚ) орнатылды. Жүргізілген техникалық іс-шаралардың нәтижесінде Beeline байланыс операторының мобильді желісі іске қосылды. Қазіргі уақытта интернет байланысы тұрақты жұмыс істеп, 4G стандарты бойынша тұрақты қамту мен деректерді жоғары сапада беру қамтамасыз етілуде.