Ауқымды экологиялық акция өткізу.

Ауқымды экологиялық акция өткізу.

"Таза Қазақстан" республикалық бастамасын іске асыру шеңберінде
2025 жылғы 11 қазанда бүкіл ел бойынша, оның ішінде Қостанай облысының аудандары мен қалаларында ауқымды экологиялық акция өткізу жоспарлануда. Бұл күні елді мекендердің, аула және үй маңындағы учаскелердің, саябақтардың, скверлердің, жағалау аймақтары мен су айдындарының аумақтарын жинау ұйымдастырылады. Қатысуға ұйымдар, еріктілер, жастар және барлық қамқор тұрғындар шақырылады. Қосылыңыз! Біздің аймақты бірге таза және жайлы етейік!