Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

Таза Қазақстан: ауылдық округтегі шөп шабу жұмыстары

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауылдық округ аумағында арамшөптерді шабу және тазарту жұмыстары жалғасуда.

Шөпті уақытылы шабу елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз етеді, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартады, өрт қаупін төмендетеді және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырады.

Ауылдық округ тұрғындарын өз аулалары мен оған іргелес аумақтарды ретке келтіруге белсенді қатысуға, шөпті уақытылы шауып, тұрғын үйлер мен нысандардың маңындағы тазалықты сақтауға шақырамыз.

Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ауылдық округімізді таза, көрікті әрі өмір сүруге жайлы мекенге айналдыра аламыз!

Таза Қазақстан – тазалық әрқайсымыздан басталады!