Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында округ аумағында қоғамдық орындарды сырлау және жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қоршаулар, орындықтар, балалар ойын алаңдары және басқа да абаттандыру нысандары сырланып, жаңартылуда. Бұл жұмыстар тазалық пен тәртіпті сақтауға, тұрғындар үшін жайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға ықпал етеді. Округіміздің көркеюі мен абаттандырылуына атсалысып жүрген барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз!