
«Таза Қазақстан»: тазалық – өзімізден басталады!
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауылдық округ аумағында абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл тұрғындары, ұйым қызметкерлері және белсенді азаматтар бұл іске белсене қатысуда:
— көшелер мен аулалар тазалануда
— қоқыс пен қар ауыл сырттарына шығарылуда
— қоғамдық орындар ретке келтірілуде
Тазалық — бұл тек сыртқы көрініс емес, бұл туған жерге деген құрмет.
📢 Барша тұрғындарды белсенді болуға шақырамыз:
үйлеріңіздің маңын таза ұстаңыздар, қоқысты арнайы орындарға тастаңыздар және сенбіліктерге қатысыңыздар.
Бірге ауылымызды таза, көрікті әрі жайлы етейік!