«Таза Қазақстан»: қыс мезгілінде де тазалық жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан»: қыс мезгілінде де тазалық жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан»: қыс мезгілінде де тазалық жұмыстары жалғасуда

Таза Қазақстан республикалық экологиялық бастамасы аясында қыс мезгілінде округ аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау жұмыстары жалғасуда.

Мекеме қызметкерлері мен коммуналдық қызметтер көшелерді, тротуарларды және қоғамдық орындарды қардан тазалау, сондай-ақ жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстарын жүргізуде. Әлеуметтік нысандардың аумақтарына, аялдамалар мен адамдар көп жиналатын орындарға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елді мекендерде қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Барлық тұрғындарды тазалықты сақтауға, үйлерінің маңындағы аумақтарды қар мен мұздан уақтылы тазалауға шақырамыз.