
Федоров ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қар тазалау және аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жалғасын тапты.
Жұмыстар барысында көшелердің бөліктері, жаяу жүргіншілер өтетін жолдар, кірме жолдар мен қоғамдық нысандардың маңы қардан тазартылды. Бұл шаралар жол жағдайын жақсартуға, қауіп-қатердің алдын алуға және қыс мезгілінде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Ауылдың тазалығы мен тәртібі – ортақ жауапкершілік. «Таза Қазақстан» акциясы туған жерге деген қамқорлықтың, бірлік пен жүйелі еңбектің айқын көрінісі болып табылады.