
Федоров ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде қар тазалау және аумақтарды абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында негізгі жолдар, жаяу жүргіншілер аймақтары, аулалар мен қоғамдық ғимараттардың маңы қардан тазартылды. Қарды дер кезінде тазалау көлік қозғалысын жеңілдетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, қыс мезгіліндегі қолайлы жағдайды қамтамасыз етті.
Мұндай шаралар елді мекеннің тазалығы мен тәртібін сақтауға бағытталған. «Таза Қазақстан» – туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі, ортақ еңбектің нәтижесі.