
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Федоров ауылдық округінде аумақтарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында көшелер, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындар қардан тазартылды. Жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге, көктайғақтың алдын алуға және қыс мезгілінде қолайлы жағдай жасауға бағытталды.
«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ғана тазалық емес, бұл тәртіпке, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға деген жауапкершілік. Таза ауыл – әрқайсымыздың еңбегімізден басталады.