Федоров ауылдық округінде ауылды тазарту мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Федоров ауылдық округінде ауылды тазарту мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Федоров ауылдық округінде ауылды тазарту мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Таңертеңнен бастап Федоров орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, сондай-ақ әкімдік қызметкерлері жұмысқа атсалысты.
Қатысушылар көшелерді тазалап, қоқыс жинап, қоғамдық орындар мен айналаны ретке келтірді.
Бірлескен еңбектің арқасында ауылдың ажары кіріп, тазалығы артты. Бұл шара ауыл тұрғындарының белсенділігі мен ортақ іске деген ықыласының жоғары екенін көрсетті.