Сібірка ауылында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында сенбілік өтті
14 қазан күні Фёдоров ауылдық округіне қарасты Сібірка ауылында елімізде жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар ауылдағы ескерткіш маңын қоқыстан тазартып, айналасын ретке келтірді. Сенбілікке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері белсене қатысып, туған өлкелерінің тазалығына өз үлестерін қосты.
Мұндай игі бастамалар азаматтардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаны таза әрі жайлы етуге ықпал етеді.