Федоров ауылдық округінде «Таза жағалау» атты экологиялық сенбілік өтті. Іс-шараға округ тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысып, жағалау аймақтарын қоқыстан тазартты.
Сенбіліктің басты мақсаты — экология мәселелеріне назар аудару, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және табиғатты сақтау.
Іс-шараға қатысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз!