Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекенді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша тұрғындармен белсенді жұмыс жүргізілді:
тұрғындармен кездесулер өткізіліп, бекітілген аумақтарда тазалықты сақтау маңыздылығы түсіндірілді;
тұрғындар, ұйымдар және кәсіпкерлерді тарта отырып, сенбіліктер ұйымдастырылды;
тұрғындарға үй маңы мен іргелес аумақтарда тәртіп орнату бойынша ұсыныстар берілді;
аула мен көшелерді аралап, тазалық жұмыстарының орындалуына бақылау жүргізілді.
Тұрғындар мен ұйымдардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде аулалар, көшелер және қоғамдық орындар тазартылып, елді мекеннің жалпы абаттандыру деңгейі көтерілді.