Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қостанай облысы әкімінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі тапсырмасына сәйкес және ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылдың 19 желтоқсанда Ұзынкөл ауданының әкімі Азамат Қанатұлы Аужановпен «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.
Қабылдау АМҮ ғимаратында, Мүсірепов көшесі 17, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазылуды «egov.kz», Электрондық Үкімет Порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 11 желтоқсанаң 19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады.
Азаматтарды қабылдауға мемлекеттік мекеме басшылары және ауданның кәсіпорындары қатысады.
Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 2-12-58 телефоны бойынша алуға болады.