5 желтоқсанда Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

5 желтоқсанда Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде батыста, солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың оңтүстігінде боран болады. Жел солтүстік-шығыс, солтүстік облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында төмен қарлы боран күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман, көктайғақ, таулы асуларда боран болады. Солтүстік-батыс жел 15-20 м/с тау асуларында.

Шымкент қаласында кейде тұман күтіледі.