Бүгін Ұзынкөл ауданына қарасты Ұбаған ауылында халықпен кездесу аясында Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы болды.

Бүгін  Ұзынкөл ауданына қарасты Ұбаған ауылында халықпен кездесу аясында Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы болды.

Кездесуде ауыл тұрғындары ауылға кіреберіс жолды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, мектеп кітапханасының жиһаздарын жаңарту, сондай-ақ ұялы байланыс пен интернет желісінің сапасын арттыруға қатысты мәселелерді көтерді. Барлық сұрақтар бойынша Қостанай облысының әкімі жауап беріп, тиісті тапсырмалар берді. Одан кейін жаңадан салынып жатқан медпунктте болып, ауылдың 3 көшесінің орташа жөндеу жұмыстары, саябақты абаттандыру, биылғы жылы ауылда орнатылған ауыз су тарату пункті жұмысына шолу жасады.Сонымен қатар, «Убаған» шекара бөлімі мен «Убаған» (автомобиль) бөлімшесінің бақылау-өткізу пунктінде болды. Соңында Мұхамбетов А.Б. 2022 жылы Қарабаев Болат Жұмашұлы салған «Мирас» шаруа қожалығының жаңа тұрғын үйінде тұратын отбасына барып, оларға сыйлыққа теледидар табыс етті.