Жұмыс сапары аясында Федоровский ауылдық округінде болдым.

Жұмыс сапары аясында Федоровский ауылдық округінде болдым.

Мектеп ауласының іргелес аумағын абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстым. Сондай-ақ бас директор Неред Виталий Петровичтің жергілікті «Веста» шаруа қожалығының арқасында барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген мектеп асханасы мен шағын орталықты араладым. Ағымдағы айда ғана асхана жиһазы, электр плитасы және ыдыс-аяқтың толық тізімдемесі сатып алынды. Сондай-ақ ауылда абаттандыру аясында ағаштар кесіліп, 1600 шаршы метр аумақты құрайтын мектеп алаңына асфальт төсеу, мектеп алдындағы қоршауларды ауыстыру, сонымен қатар көгалдарды төсеу жоспарлануда.