Президент Жолдауын түсіндіру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мобильді тобы Ұзынкөл ауданына сапармен келді

Президент Жолдауын түсіндіру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мобильді тобы Ұзынкөл ауданына сапармен келді

Президент Жолдауын түсіндіру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мобильді тобы Ұзынкөл ауданына сапармен келді, оның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Тілемісұлы Мұратбеков, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Дәулет Рашидұлы Арғандықов және облыстық басқармалар өкілдері болды. Кездесу бейресми форматта диалог алаңы стилінде өтті. Күні бойы министрлік өкілдері мұғалімдермен, жастармен, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, аудан тұрғындарымен кездесіп, Обаған ауылына барды. Сондай-ақ, балалар шығармашылық үйінде, мәдениет үйінде, Халыққа қызмет көрсету орталығында және аудан әкімдігінде болып қайтты. Азаматтарды "Uzunkol komek Alany" жобалық кеңсесінде қабылдады.