Kazakh TV ел аумағында көрсетілуге міндетті телеарналар тізіміне енді

Kazakh TV ел аумағында көрсетілуге міндетті телеарналар тізіміне енді

Бұйрыққа сәйкес, енді міндетті телерадиоарналардың тізімі мынадай: 1. «QAZAQSTAN» 2. «Хабар» 3. «Хабар 24» 4. «BALAPAN» 5. «ABAI TV» 6. «QAZSPORT» 7. «Kazakh TV» 8. «МИР» 9. «Астана» 10. «Almaty» 11. «Евразия бірінші арнасы» 12. «КТК» 13. «31 арна» 14. «Жетінші арна» 15. «El arna» Kazakh TV арнасы Қазақстанның барлық аймақтарында хабар тарата бастайды. Республикадан тыс жерде хабар тарату әлемнің 120-дан астам елінде жалғасады. Kazakh TV – Қазақстан Республикасының тұңғыш ұлттық спутниктік телеарнасы. Қазіргі уақытта ол «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ құрылымына кіреді. Арна мазмұны – 100% отандық өнім. Жалпы аудиториясы – 300 миллионнан астам көрермен. Телеарнаның бағдарламалары бірнеше тақырыптық бағытта ұсынылады және Қазақстанның мәдениеті, дәстүрі, тарихы, туризмі мен инвестициялық мүмкіндіктері сынды салаларды қамтиды. Телеарна 2002 жылы 25 қазанда Caspionet деген атпен эфирге шыға бастады. Ел имиджін көтеруге бет бұрған арна 2012 жылдың 1 қыркүйегінде Kazakh TV болып өзгертілді. 2017 жылдың 16 қарашасында Kazakh TV телеарнасы жаңа форматқа – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі дыбысты көп арналы хабар таратуға көшті. 2018 жылдың 1 мамырынан бастап қолданыстағы үш тілге төртіншісі – қырғыз тілі қосылды. 2018 жылдың 28 қарашасында арна өзбек тілінде хабар тарата бастады. Көп арналы сигнал сандық теледидардың әр абонентіне аталған тілдердің әрқайсысында 100% таратылатын аудио тректі таңдауға мүмкіндік береді.