60 жастан асқан адамдар Pfizer вакцинасымен қайта вакцинациялана алады-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

60 жастан асқан адамдар Pfizer вакцинасымен қайта вакцинациялана алады-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Үкімет отырысы барысында Ажар Ғиният республикада соңғы аптада вакцинация қарқыны бірнеше есе төмендегенін және қаңтар айының 10 күнінде егілген адамдардың үлес салмағы желтоқсанмен салыстырғанда 0,2% - ға ғана артқанын атап өтті. "Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 9,4 млн-нан астам адам егілді, тиісті ересек тұрғындарды қамту 79,2% - ды құрады, екінші компонентпен 8,7 млн-нан астам адам егілді, тиісті ересек тұрғындардың 75,1% - ын қамтыды. Жалпы халық санынан бірінші компонентпен - 49,3%, екінші компонентпен – 45,8% егілді", - деді Ажар Гиният. "Омикрон" нұсқасын анықтауды ескере отырып, қосымша алдын алу шаралары енгізілді және іске асырылуда. "Сондай-ақ, вакцинация мен ревакцинация қарқынын арттыру маңызды. Халықтың ең осал тобын қорғау үшін ревакцинацияға арналған вакциналарды таңдау кеңейтілді. Мәселен, 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін қосымша Comirnaty (Pfizer) вакцинасы ұсынылады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі. Бұған дейін ведомство Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағанын хабарлады.