Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу басталды. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптардың ішінде-Қазақстан Республикасының азаматтығы, жасы 35-тен аспаған, жоғары білімінің, кемінде бес жыл еңбек өтілінің болуы, орта деңгейден төмен емес (В1) мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды сертификаттың болуы.
Президенттік резервте болу мерзімі-3 жыл. Резервке алынған адамдар Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша саяси лауазымдарға, "А" корпусының лауазымдарына, "Б" корпусының басшы лауазымдарына және "Б" корпусының А санаты тобының лауазымдарына, сондай-ақ конкурс бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда тағайындалуы мүмкін. Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, "А" корпусының қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті резервшілерді іріктеу мынадай негізгі кезеңдерден тұратын болады:
Бірінші кезең-қатысушылардың құжаттарын қабылдау.
Екінші кезең-үміткерлердің қабілеттерін бағалау. Тест үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған.
Үшінші кезең-ситуациялық есептерді шешу.
Төртінші кезең-құзыреттерді бағалау. Қатысушылардың құзыреттерін бағалау арқылы олардың жеке құндылықтары, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу уәждемесінің деңгейі, сондай-ақ басқарушылық құзыреттерінің болуы анықталатын болады.
Бесінші кезең-сараптамалық комиссияда қатысушылардың әңгімелесуі. Бұл кезеңге баллдар жиынтығында іріктеудің алдыңғы кезеңдері бойынша ең үздік нәтижелер көрсеткен қатысушылар жіберіледі.
Іріктеудің соңғы кезеңі-кандидаттарды кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияда қарау. Бұл кезеңге сараптама комиссиясы ұсынған ең жоғары балл жинаған қатысушылар жіберіледі.
Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне 50-ден аспайтын кандидатты қабылдау туралы шешім қабылданады
Арсеналында жақсы білімі мен тәжірибесі бар жас, талантты, толық жаңа іске асырылатын идеяларды "Президенттік жастар кадр резервіне"іріктеуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпаратты сайттан ала аласыз pkrezerv.gov.kz