19 шілдеде отбасылық кеңес беру кабинеті ашылды

19 шілдеде отбасылық кеңес беру кабинеті ашылды

Қостанай облыстық сотының бастамасымен "Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты" ММ-де отбасылық медиация кабинеті ашылды.
Іс-шараға Ұзынкөл аудандық сотының төрайымы Кисыкова Жанна Булатовна, № 1 Ұзынкөл жалпы білім беру мектебі КММ психологы Данилова Анна Николаевна қатысты.
Бұл жоба қоғамдағы қақтығыстарды азайту және отбасылық жанжалдарды соттан тыс реттеу мақсатында жүзеге асырылды.
Отбасы институтын қоғам мен мемлекеттің негізі және ұясы ретінде сақтау мақсатында некені бұзуды тіркеуге өтініш берген азаматтармен отбасылық медиация кабинетінде әңгіме жүргізіледі, заң бөлімінің қызметкері Досумова Әсел Талғатқызы және № 1 Ұзынкөл жалпы білім беру мектебі КММ психологы Анна Николаевна Данилова консультация және түсіндіру жұмысын жүзеге асырады.
Сондай-ақ, отбасылық медиация кабинетінде тараптар неке шартын жасасу тәртібі мен шарттары, жанжалдарды соттан тыс тәртіппен шешудің артықшылықтары және неке-отбасы заңнамасынан туындайтын басқа да мәселелер бойынша білікті заң көмегін ала алады.