2021 жылғы 22 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 31 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,21 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ -17, Рудный қ., Лисаковск қ., Арқалық қ, Қарабалық, Қостанай аудандарында 2-ден, Әулиекөл, Қарасу, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарында 1-ден.
24 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 6 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 26 адамда ауру белгілері болды, 5 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 22 сәуір аралығында COVID-19-дың 14522 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 13964.