Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну туралы

Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну туралы

«ҚР АШМ АӨК МИК Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ 2 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 82 бұйрығына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды, сонымен қатар "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, 14-5-бабының 3-тармағына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсынуға міндетті:

ФУ-1. Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп. Ұсыну мерзімдері: ААИ-ға жылына екі рет, бір рет 10 шілдеге дейін және бір рет 10 қаңтарға дейін;

ФУ-2. Пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп. Ұсыну мерзімдері: ААИ-ға жылына екі рет, бір рет 10 шілдеге дейін және бір рет 10 қаңтарға дейін;

ФУ-3. Пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп. Ұсыну мерзімдері: ААИ-ға, жыл сайын, 10 қаңтарға дейін;

ФУ-4. Бүрккіш және дәрілегіш техниканың болуы туралы есеп. Ұсыну мерзімдері: ААИ-ға жыл сайын 10 қаңтарға дейін;

ФУ-5. Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп. Ұсыну мерзімдері: ААИ-ға ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін әр айдың 10-күніне дейін;

ФУ-6. Химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есеп. Ұсыну мерзімдері: ААИ-ға ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін әр айдың 10-күніне дейін;

ФУ-7 Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп. Ұсыну мерзімдері: ААИ-ға, жыл сайын, 10 қаңтарға дейін;

ФУ-8. Қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: ААИ-ға жыл сайын 10 қаңтарға дейін.

Фитосанитариялық есепті Ұзынкөл селосы, Ғ.Мүсірепов көшесі. №25үй мекенжайы бойынша орналасқан "ҚР АШМ АӨК МИК Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" ММ-не тапсыру керек

Тел. (871444) 2-14-78 ұялы тел. 87789335007

Электрондық пошта мекенжайы uzunkol_p-rtu@minagri.gov.kz

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 403-бабының 1-тармағына сәйкес фитосанитариялық есептілікті ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Есеп нысандары

 

«ҚР АШМ АӨК МИК

Ұзынкөл ААИ» ММ

басшысы                                                                            М. Абдуллин