2021 жылғы 08 сәуірде Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 08 сәуірде Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 08 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 33 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,23 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласы -19, Рудный қ. -6, Қостанай ауданында -4, Қарасу ауданында- 2, Жітіқара және Сарыкөл аудандарында 1-ден.

27 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 5 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай  стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 28 адамда ауру белгілері болды, 5 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы  08 сәуір аралығында COVID-19-дың  14 096 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 12 423.

 

2021 жылғы 08 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-ға қарсы 1154 адам егілді, оның ішінде 1 компонентпен -855, 2 компонентпен -299.

Халықты иммундау кезеңі басталғаннан бері барлығы 14885 адам вакцинацияланды, оның ішінде 1 компонентпен -10275, 2 компонентпен-4610.

 Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер жағдайлары тіркелген жоқ.

Облысқа барлығы 19200 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде 1 компоненттің дозалары-12000, 2 компоненттің дозалары-7200

Халықтың барлық санаттарын иммундау үшін «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы қолданылады.