Ұрлық жасаған азаматтар ұсталды

Ұрлық  жасаған азаматтар  ұсталды

Көлік полициясының алдында тұрған басты мақсат – әуе және темір жол нысандарында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бөтеннің мүлкін ұрлауды болдырмау болып табылады. Жолаушылар пойыздарында бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері жиі кездесіп тұрады. Жолаушылар қырағылығын ұмытып, өзінің жеке заттарын (ұялы телефондарын, сөмкелерін) купе ішінде, үстелдерде, темір жол станцияларындағы кафелерде қараусыз қалдырады. Осының бәрі   ұрлықтарға әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасы ІІМ-ның мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Көкшетау ст. ЖПб өңірлік  жоспарының тармақтарын  іске асыру  мақсатында Криминалдық полиция бөлімшесі мен барлық желілік полиция бөлімшелері бірлесе отырып темір жол және әуе нысандарындағы    ұрлықтың алдын алу  және  жолын кесу бойынша   іс-шараларды  тұрақты түрде  ұйымдастырып тұрады.

Ағымдағы  жылдың  03 ақпанында  Новоишимское  ст. желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен    жедел  іздестіру іс-шаралар өткізу барысында  1972 жылы туған СҚО  тұрғыны А. азаматының  үй  маңында ұрланған   20 литрлі дизель отыны табылған.   Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған  қылмыс жасағаны   үшін СҚО  тұрғыны  А. азаматы  ұсталып, ҚР ҚК 187 бабы 1 бөлігі жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы  жылдың  10 ақпанында  Көкшетау ЖПб–не   «Пресногорьковская-Павлодар»  бағытындағы № 340 жолаушы пойыздың  №2 вагонында келе жатқан 1988 жылы туған СҚО тұрғыны Ж.азаматынан 15.10 – 18.10 уақыт  аралығында  портмонеден  ақшалай қаражаты, жеке куәлігі   мен  Халык  банкінің карточкасы  ұрланғаны  туралы  арыз келіп түскен. Белгісіз  тұлғаның іс-әрекетінен 20 000 теңге сомасына залал келтірілген.   Жедел іздестіру  іс-шаралар   барысында  Көкшетау ст. ЖПб КПб  қызметкерлерімен  жоғарыда  айтылған қылмыс үшін  45 жастағы  СҚО  тұрғыны ұсталып, ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Жәбірлеушіге шығыны толық  көлемінде өтелді. 

Полиция  қызметкерлері ескертеді, азаматтар өз  заттарыңызды   қараусыз қалдырмай, қырағылықты  ұмытпаңыздар.

Көкшетау  ст. Жпб КПб