2021 жылғы 2 наурызда Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 2 наурызда Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 2 наурызда Қостанай облысында COVID-19-дың 61 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,49 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласының 38 тұрғыны, Рудный қ. - 6, Әулиекөл ауданында -5, Меңдіқара және Федоров ауданында 4-ден, Жітіқара ауданында -2, Арқалық қаласында және Ұзынкөл ауданында 1-ден.

45 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайда.

Індет жұқтырғандардың ішінде 56 адамда ауру белгілері болды, 5 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы                    2 наурыз аралығында COVID-19-дың  12497 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 11060.