2021 жылғы 26 ақпанда Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 26 ақпанда Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 26 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 64 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,52 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласының 37 тұрғыны, Рудный қ. - 10, Арқалық қ., Қарасу және Қарабалық ауданындарында 2-ден, Денисов және Сарыкөл аудандарында 1-ден, Қостанай ауданында-6, Меңдіқара ауданында – 3 жағдай.

48 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 8 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 54 адамда ауру белгілері болды, 10 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 26 ақпан аралығында COVID-19-дың 12249 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 10827.